Newscorr

Ақтауда мотоциклші жүріп бара жатқан көліктің капотына шығып алды

Экспресс К

Видеодан кадр

Мотоцикл мінген ер адам полицияға хабарласып, өзін көлік қағып кеткенін айтты.

Оқиға орнына жеткен патрульдік полиция хабарламаның жалған екенін анықтады, деп хабаралайды Экспресс К.

Бейнебақылау камерасындағы видеодан мотоциклшінің көлікке әдейі соқтығысқанын көруге болады.

Көлік жүргізушісі бұрылмас бұрын алдындағы автокөліктерді өткізіп жатты. Оған соқтығысқан мотоциклші "Лада" көлігінің жүргізушісімен сөз таластырып, кейін жүріп бара жатқан көліктің капотына шығып алды,

— деді Маңғыстау облыстық полиция департаментіндегілер.

Жігіттің көлік капотына шығып алған видеосы Newscorr қызметіне келіп түсті.

Ол бұл әрекетімен көлік жүргізушісінің өзін басып кетпек болғанын көрсеткісі келген.

Жалған хабар бергені үшін мотоцикл жүргізушісіне ӘҚБтК-нің 438-бабыНА СӘЙКЕС әкімшілік хаттама толтырылды. "Лада" жүргізушісіне қатысты "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау ережелерін сақтамау" бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды,

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров