Су тасқыны

БҚО-мен шектесетін Ресей ауылында су бөгеті бұзылды

Экспресс К

БҚО ТЖД баспасөз қызметі

Төтенше жағдайға байланысты облыстық ТЖД жедел желі ашылды. Телефон нөмірі: 8(711 2) 55-40-88.

РФ-дағы Орынбор облысы Ташлин ауданы Пустобаево ауылында және Чинарев ауылымен шекаралас су қоймасындағы бөгетті су шайып кетті, деп хабарлайды Экспресс К.

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, оқиға бүгін сағат 16:40-та болды. Бұл туралы Орынбор облысы бойынша ТЖ министрлігі бас басқармасының дағдарыс жағдайында басқару орталығы хабар берген.

"Қоймадағы су көлемі шамамен 8 млн текше метрді құрайды. Шайылған бөгеттің ені — 7-8 метр. Су Елтышевка, одан Жайық өзеніне құйылады. Жайық өзені Бәйтерек ауданы Январцев ауылдық округі Чинарев ауылының жанымен ағады. Чинарев ауылында 1 мектеп, 1 медпункт, 1 шекара заставасы, 82 үй бар, мал басын есептемегенде, 223 адам тұрады. Елді мекенге әзірге қауіп төніп тұрған жоқ",- деді департаменттегілер.

Тасқын судың алдын алу үшін Чинаревқа арнайы техникалар, құтқарушылар мен жауапты адамдар жіберілген.

Ауылды су басқан жағдайда тұрғындар Январцево ауылындағы ауылдық мәдениет үйіне көшіріледі.

Оқиға орнында Төтенше жағдайлар департаментінің 79 қызметкері, 25 техника, 3 қайық пен 8 мотопомпа жұмыс істеп жатыр.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров