Шекара

Қырғызстан мен Тәжікстан шекерасында тағы да атыс болды

Экспресс К

© EPA

Атыс кезінде екі тараптан да кем дегенді бір адам жараланды.

Лейлек өңірінде екі елдің шекарашылары арасында жанжал туындаған. Тәжікстан шекарашылары Қырғызстан шекарасын басып өтіп кетті. Қырғызстан әскерилері аспанға ескерту оқ атқанда, тәжікстандық шекарашылар оларға қарсы оқ жаудырды, деп хабарлайды Экспресс К 24kg агенттігіне сілтеме жасап.

Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, қос тараптың кем дегенде бір-бір жауынгері жараланды.

Екі елдің шекара өкілдері жүргізген келіссөз нәтижесінде шекарадағы атыс тоқтады.

Қырғыз-тәжік шекарасындағы жағдай тұрақталды. Қырғызстан Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті болған жағдайды өз бақылауына алды,

— деп мәлімдеді ұлттық қауіпсіздік комитеті .

Қырғызстан мен Тәжікстанмен жалпы шекара 972 км құрайды, оның ішінде 519 шақырым келісілді, 375-і әлі келісімге келмеген. Мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік бөлігі жергілікті тұрғындар немесе екі елдің шекарашылары арасындағы қақтығыс аймағына айналды.

Бұған дейін Экспресс К екі ел арасында болған соңғы қақтығыстар туралы жазған болатын.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров