Білім

Қызылордада үшінші сынып оқушысы әлі күнге әліппемен қоштаса алмай жүр

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Қаладағы инклюзивті мектепте үшінші сынып оқыса да, әлі күнге әліппенің алғашқы 7-ақ әріпін үйреніп жүргендер бар.

Оқушының "А" мен "Ғ" әріптерін ғана жазып үйренген дәптерінің суреті әлеуметтік желіде тарады, деп хабарлайды Экспресс К.

facebook.com/uitolgan

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Дәптер парағының жоғарысында "12-сәуір" деген жазу бар. Ал оның астында тек А, Б, В, Г, Ғ әріптері ғана қайталанып жазылған.

facebook.com/uitolgan

Сондай-ақ тұрғынның баласы ұстаздардың кесірінен білімсіз болып қалды деген шағымы жария болды.

№212 мектепте инклюзивті білім алып жатқан балалар бар. Осы балалардың білім деңгейін қадағалап тексеріп жатқан адам жоқ. Менің балам мысалы сол бағдарламамен оқиды. Өзім көріп отырмын қаншама былықты. Амалсыз тілімді тістеп отырмын,

— делінген жазбада.

Ал қалалық білім бөліміндегілер сол күні оқушыға әріптерді қайталау сабағы өткізілгенін жеткізді. Сонымен қоса, оқушы ауырып, соңғы күндері сабақта жиі болмаған дейді жауапты бөлім қызметкерлері.

Оқушы төртінші тоқсанның басында денсаулығына байланысты он күн сабаққа қатыспаған. Суретте көрсетілген жұмыс дәптерінде оқушыға сабақ барысында сергіту сәті уақытында әріптерді қайталау жұмыстары жүргенін мәлімдейміз,

— деп жауап берді білім бөліміндегілер.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров