Қылмыс

Оқушы студентті қорқытып несие рәсімдеткен

Кәмшат ҚОПАЕВА

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ақтөбеде 11 сынып оқушысы колледж студентін қорқытып, несие алуға мәжбүрлеген.

Полиция бөліміне студенттің ата-анасы шағымданды деп, хабарлайды Экспресс К.

Студентің ата-анасы баласын бейтаныс жігіт қорқытқанын айтады. Осылайша әлгі жігіт өзіне iPhone 11 маркалы ұялы телефонын сатып алу үшін, 330.000 теңге онлайн несие рәсімдеткен.

Полиция қызметкерлері дереу іске кірісті. Нәтижесінде қала мектептерінің бірінде білім алатын 11 сынып оқушысын ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Қазіргі таңда ҚК 191-бабы 2-бөлігі (Тонау) бойынша, сотқа дейінгі тергеу басталды.

Осы баптың санкциясы бойынша, кінәлі адамның мүлкі тәркіленіп, жеті жыл бас бостандығынан айырылады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров