Базар

Президент сынаған "Алтын Орда" басшылығы заңды белшеден басып келген

Фархат ӘБІЛОВ

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Алматыдағы "Алтын Орда" базарын тексеріп жатқан комиссия 1 млрд 600 млн теңгенің заң бұзу дерегін анықтаған.

Базарды осыған дейін ешқандай мемлекеттік орган тексермеген, деп хабарлайды Экспресс К.

Сауда комитеті төрағасының орынбасары Айдар Әбілдабековтың айтуынша, базар әкімшілігі заңды белшеден басып келген.

Базарды қазір 71 адамнан құралған комиссия тексеріп жатыр. Қазірдің өзінде 1 млрд 600 млн теңгенің заң бұзу деректерін анықтадық. Талаптарға сәйкес келмейтін ғимараттар бой көтерген,

— дейді Айдар Әбілдәбеков.

Комитет "Алтын Ордадан" кейін еліміздің барлық базарларын тексермекші. Статистикаға сүйенсек, елімізде 761 базар бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров