Қайрат Сатыбалды жол саламын деп ақшаны алып алған бірақ жол жоқ - депутат

Бек ТӨЛЕУОВ

Қайрат Сатыбалды / Еділ Жаңбыршин

Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин Шығыс Қазақстан облысына барған сапарында халықпен кездесіп, біраз проблеманы өз көзімен көрген.

Ол журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында өзекті проблемалардың шетін шығарды, деп хабарлайды Экспресс К.

Ол Шығыс Қазақстан халқымен кездесуде бірнеше проблемаларды естіп білдік деп айтты.

Соның бірі жол мәселесі. Майқапшағай — Орск деген халықаралық трасса бар. Сол жолдың құрылысын салу міндетін Қайрат Сатыбалдының компаниялары алған. Ақшасы бөлінген. Бірақ құрылыс жұмыстары тоқтап тұр,

— дейді Еділ Жаңбыршин.

Ал екінші мәселе ретінде су жүйесін айтты. Халық ескірген каналдар мен қоймалардан көп қиындық көріп отыр екен.

Шығыстағы тағы бір мәселе — су жүйесі. Совет үкіметі тұсында ағып жатқан өзендерді сәл бұрып, каналдар арқылы егістіктерді суаратын еді. Қазір сол құбырлардың бәрі ескірген. Оның бәріне жөндеу керек. Кейбірінің қожайыны кім екені белгісіз,

— дейді депутат.

Ол енді бірінде коммуналдық мекемелер эксплуатация жасай алмай отырғанын да айтты. Өйткені қаржысы жоқ. Су ресурстар комитетіне қарасты "Қазсушар" деген мекеме бар. Депутат соның объектілеріне барған.

Олардың көбісі уақытында жөнделмеген. Енді оған көп көлемде су жинайтын болса, жарылуы мүмкін. Ауылдар суға кетіп қалуы да ықтимал. Халық сол мәселерді айтты,

— дейді Еділ Жаңбыршин.

Бұған дейін Қайрат Сатыбалдыға тиесілі компания қанша қаржы жегенін жазғанбыз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров