Алматы трагедиясы

Қаңтарда кездейсоқ қаза тапқандардың отбасына қаржылай көмек беріледі

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

"Қазақстан халқына" қорының қамқоршылық кеңесі қаңтар оқиғасында кездейсоқ қаза тапқандардың туыстарына көмек көрсету туралы шешім қабылдаған.

Бұл туралы қоғамдық қордың төрағасы Болат Жәмішев айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Құзырлы органдардан қаңтар оқиғасында кездейсоқ зардап шеккендердің тізімін де алдық. Келесі аптада Қамқоршылық кеңестің шешіміне сәйкес бұл көмекті төлейміз деп ойлаймын,

— деді қоғамдық қордың төрағасы Болат Жәмішев

Оның айтуынша, қаңтардағы бүлік кезінде 211 бейбіт тұрғын қаза тапқан. Бүгінгі таңда қордан сегіз адамның отбасына қаражат бөлінді, қаңтар оқиғасында кездейсоқ құрбан болған тағы 13 адамның туыстарына жәрдемақы төлеу жоспарланған. Бір отбасына төленетін төлем мөлшері — 7 миллион теңге.

Кездейсоқ немесе кездейсоқ емес екенін қылмыстық істерді тексеріп жатқан тергеу органдары ғана анықтай алады. Тергеу аяқталған соң біз төлем жасаймыз,

— деді Болат Жәмішев.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров