Жол апаты

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тапты

Экспресс К

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Түркістан облысында жол апатынан 3 адам қаза тауып, 4 адам жарақат алған.

Оқиға бүгін кешкі сағат 19:00 шамасында Сарыағаш-Шымкент тас жолында болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Полиция қызметкерлерінің анықтауынша, сағат 19:00 шамасында 30-ға жуық жолаушысы бар "Yutong" маркалы автобус Шымкент қаласына бағыт алған. Осы сәтте қарсы беттен "Audi 100" маркалы автокөлік шығып, автобуспен соқтығысқан.

"Жол-көлік оқиғасы салдарынан "Audi 100" автокөлігінің жүргізушісі мен 2 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ автобустың тағы 4 жолаушысы түрлі дене жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілді. Қазіргі уақытта оқиғаның толық мән-жайы мен қайтыс болғандардың жеке-басы анықталуда", — делінген Түркістан облысы полиция депортаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров