"Тағдырды талқан етті". Жанар Айжанованың қызы "ұят" сөзіне қарсы шықты


instagram.com/aizhuldyz_adaibekova
Танымал әнші Жанар Айжанованың қызы Айжұлдыз Адайбекова желіде қазақтың құнды сөзіне қатысты ойын ашық білдірді.
Блогер "ұят" сөзі талайдың тағдырын талқан еткенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.


Айжұлдыз әр адам өз ойын еркін айтуға құқылы дейді. Оның пікірінше, қазақтың "өлімнен ұят күшті" деген мәтелі бүгінде өзектілігін жоғалтқан.
Оқи отырыңыз:
Ұят! Бар-жоғы үш әріп. Осы сөз қанша адамның тағдырын, мансабын құртты. Жеке пікіріңізді айтудан ешқашан қорықпаңыз. Барды бар, жоқты жоқ деп айту керек. Ұялып, бұғып қалудың қажеті шамалы,


Жанар Айжанованың қызы мен жас режиссер Қыран Талапбек алдыңғы жылы үйленіп, былтыр ажырасып кеткен еді. Бұны актриса желіде жазды. Содан бері Айжұлдыз бір жасар баласын өзі бағып отыр.
Экспресс К бұған дейін Адайбекова сәбиіне бала күтуші жалдамағанын айтты.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.