Ақтауда көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

Ер адам ауруханаға жеткізілді, алайда оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Бейнежазба Экспресс К порталының Newscorr қызметіне келіп түсті.

Видеодан ер адамның жолдан жүгіріп өтпек болғанын көруге болады.

Жолда тұрған көліктер жылжи бастаған кезде ер адам қарсы бетке өтпек болып тосыннан жүгіріп шықты. Джип оны өткізіп жібергенімен, оның сол жағында тұрған көлік жаяу жүргіншіні байқамай қағып кетті. Қатты соққыдан ол бірнеше метрге ұшып кеткен.

Видео авторының айтуынша, ер адам ауруханаға жеткізілді.

Сіздер үшін! Newscorr сервистік қызметі барлық тұрғындарға азаматтық журналистиканың жаңа нұсқасын ұсынады. Мұнда кез-келген азаматтың бізге эксклюзивті фото немесе бейнежазбасын жіберіп, 100 мың теңгеге дейін табыс табуға толық мүмкіндігі бар.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров