Жер

"Есімін жазбаған!" 10 сотық жерге өтініш беру кезіндегі қателер аталды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

facebook.com

Сәуір айынан бастап әрбір қазақстандыққа тиесілі 10 сотық жерге өтішін білдіру жеңілдетілген еді.

10 сотық жерге өтініш беру кезінде ең көп жіберілетін қателер аталды, деп хабарлайды Экспресс К тілшісі "Еуразия" біріншісі арнасына сілтеме жасап.

Тегін жерге өтініш беруде тұрғындар түрлі қателіктер жібереді екен. Мәселен, бірі фамилиясын жазып, есімін қалдыруды ұмытса, кейбірі байланыс нөмерін жазуды естен шығарған. Осы уақытқа дейін азаматтардан 1 млн 300 мың өтініш келіп түссе, өзектендіру сервисі іске қосылғалы олардың саны 700 мыңға артқан. Сондай-ақ, бір адам бірнеше аймақтан өтініш бере алады. Бұл жайында ҚР Цифрлық даму, инновациялық және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің өңірлер мен өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары айтты.

Сіз кез келген Қазақстанның өңірінде әрбір елдімекенде тіркелуге құқығыңыз бар. Сіз бірнеше жерде қатар кезекте тұра аласыз. Бірақ сіздің кезегіңіз бір елдімекенде келіп, сізге жер берілсе, басқа кезектерден жойыласыз,

— деді Айнұр Юсупова.

Ескеретін тағы бір жайт, бұған дейін сіз мемлекеттен тегін жер алған болсаңыз өтініш бере алмайсыз.

Айта кетейік, қазір тегін жер алу бойынша Ақтөбе облысы, Алматы облысы мен оңтүстік өңірден 10 сотық жерді иемденуге ең көп өтініш түскен.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров