Ерлі-зайыптылар

Жамбылдық келіншек ажырасқан соң сот арқылы жасауын қайтарып алды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

Pixabay

Жамбыл облысында тұратын әйел бұрынғы жолдасымен дәм-тұзы жараспаған. Кейін екі жаққа кеткен соң, өзімен келген жүгін сот шешімімен қайтарып алуды жөн көреді.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Бастапқыда күйеу жігіттің туыстары келіншек жақтан келген дүние-мүлікті бергісі келмеген, деп хабарлайды Экспресс К

Аудандық соттағы баспасөз қызметінің хабарлауынша, ер азамат пен әйелі 2021 жылдың маусымында мұсылмандық некеге тұрған. Жас жұбайлардың тойынан кейін келіншектің ет-жақындары қазақтың салт-дәстүріне сай қыз жасауын әкелген. Бірақ бұл қуанышты сәт ұзаққа созылмаған. Көп уақыт өтпей аталған отбасындағы түрлі түсініспеушіліктен соң екі жас ажырасып тынған.

"Күйеу жігіттің туыстарының қыз жасауын қайтарудан бас тартқан соң, қалыңдық жасауын қайтарып алу туралы сотқа арыз берді. Істі қарай келе, тараптар дауды бітімгерлікпен шешу туралы келісім жасады. Оның шарттарына сәйкес, жауапкерлер 2022 жылдың 14 сәуіріне дейін талап қоюшыға қыз жасауын өз еріктерімен қайтаруға міндеттелді", деп жазды Тұрар Рысқұлов сотының баспасөз бөлімі.

Ал құзырлы органға шағымданған әйел белгіленген мерзімде мүлікті тиеп, әкетуге міндеттелді. Бүгінде сот ұйғарымы заңды күшіне енген.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров