Шоу-бизнес

"Zа Россию!". "Алматы әуендері" ұжымы даулы афишаға қатысты түсініктеме берді

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com

Ғаламторда Алматыдағы "Алматы әуендері" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнында "Zа Россию!" атты шоу өтетіні жайлы хабар тараған.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Кейін дәл сол даулы баннер-афиша интернетте қызу талқыланып, жұрт арасында шу туырдырған, деп хабарлайды Экспресс К

Көпшілік тарапынан туындаған желідегі наразылық "Алматы әуендері" ұжымының басшылығына да жетсе керек, көп күттірмей Instаgram парақшасында ресми жауабын берді.

"Әлеуметтік желілерде Ольга Кортункова, Денис Дорохов, Давид Цаллаев және т. б. комедианттардың қатысуымен "музыкалық-патриоттық марафонның" өткізілуі туралы ақпараттарға қатысты "АЛМАТЫ ӘУЕНДЕРІ" КМҚК баспасөз қызметі таратылған "Za Россию!" баннер-афишасы жалған болып табылатындығын хабарлайды. Афиша, күні, жарияланған форматы шындыққа сәйкес келмейді. Ресми афиша мен концерттік бағдарламада қандай да бір саяси астары жоқ екенін атап өтеміз", — деп жазды баспасөз қызметі.

Айта кетейік, ұйымдастырушымен концерттік залды жалға алу және "Однажды в России" сатиралық шоуын өткізу туралы келісім-шарт 2021 жылдың 8 желтоқсанында жасалған. Бұрын гастрольге сәйкес, концерттік бағдарлама қаңтар айына жоспарланған және екі рет 2022 жылдың мамыр айына ауыстырылған екен.

"Алматы әуендері" ұжымы "Однажды в России" — 2014 жылдың 28 қыркүйегінен бері бар және таза ойын-сауық болып табылатын коммерциялық жоба екенін жеткізген. Сондай-ақ, Қазақстандағы бағдарламаның форматы да тек қана комедиялық болып қала беретінін және мұны ресми сайтта жарияланған ақпарат толық дәлелдейтінін баса айтқан.

"Еске салайық, әлеуметтік, ұлттық, рулық, таптық және діни араздықты қоздыруға бағытталған жалған ақпаратты тарату Қазақстан Республикасының Заңымен қудаланады. Арандатушылыққа бой алдырмауларыңызды, сондай-ақ ақпаратты тексеріп, тек ресми ақпарат көздеріне сенулеріңізді сұраймыз", — делінген хабарламада.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров