Эстония порттарына Ресей кемелерінің тоқтауына тыйым салынды

Экспресс К

pixabay

Эстонияның экономика және инфрақұрылым министрлігі ЕО санкциялары аясында 17 сәуірден бастап Ресей кемелеріне елдегі порттарға тоқтауға тыйым салынатынын мәлімдеді.

Бұл — алдында Еуропалық Одақ мақұлдаған санкциялық шаралардың бірі, деп хабарлайды Экспресс К.

Сондай-ақ РИА Новости 24 ақпаннан кейін Ресей туын басқаға ауыстырған кемелер үшін де Еуропалық Одақ порттары жабық екенін жазды.

Тек апатқа ұшыраған Ресей Федерациясының туы бар кемелер ерекше жағдайларда Эстония порттарына көмек көрсету қажеттігін алдын ала анықтаушы полиция және шекара күзеті департаментінің рұқсатымен кіре алады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров