Шоу-бизнес

"Айрылдық. Бұйрық солай!" Қайрат Нұртас жеке өмірі жайлы әңгімеге нүкте қойды

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдукәрімованың жеке өміріндегі қарым-қатынасы әлі күнге дейін талқыға түсуде.

Бұл жолы Қайраттың Instagram желісіне жүктеген соңғы посты халық арасындағы әңгімені тағы да қыздыра түсті, деп хабарлайды Экспресс К

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Әлеуметтік желіге санаулы сағат бұрын салынған суретте танымал әнші бейтаныс арумен көзге түскен. Дәл сол фотоның астына екіойлы жазба да қалдырған.

Сақтауға шамам болмай, өзіңді қауіп-қатерден... Бұйрық солай. Айрылдық! Бақытты сәттерден,

— деді Қайрат Нұртас.

instagram.com/kair_ninstagram.com/kair_n
instagram.com/kair_n

Қайрат Нұртастан мұндай әрекетті ешкім күтпесе керек, хитменнің алты миллионнан астам оқырмандары шулы суреттің астына түрлі пікірлерін жарыса жазып жатыр.

"Ажырасты деген сөз", "Мәссаған, бітті ме? Обал, әдемі жұп еді", "Керемет жұп. Қимаймын", "Өздеріңді емес, балаларыңды ойлаңдар", "Ажырасты", "Ол Жұлдыз емес", "Бірге емес сияқты", "Не болып жатыр, Қайрат?", "Не болды жандарым-ау?", "Ойбай, Қайрат, тағы не бүлдірдің?", "Жұлдыз керемет жан еді. Ерке Есмаханға бола ажырастыңдар ма?", — деді оқырмандары.

instagraminstagram
instagram
instagram.com/kair_ninstagram.com/kair_n
instagram.com/kair_n

Әнші жігіт бір ғана суретпен соңынан ерген сан түрлі қауесетке нүкте қойған секілді. Сондай-ақ, танымал жұптың әр қадамын жіті қарайтын фанаттары Қайрат пен Жұлдыздың Instagram желісінде де бір-бірін бұғаттап, хабарламаларын оқудан бас тартқанын да аңғарыпты. Айта кетейік, Экспресс К осыған дейін анасының туған күнінде Қайрат Нұртастың өзге келіншекпен көзге түскенін жазған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров