Көлік

Алматының кептелісін жоюға шетелдік компаниялар таласып жатыр

Экспресс К

©ЭК/Андрей ХАЛИН

Мегаполистегі көлік кептелісін реттеуге 11 компания өтініш түсірген. Олар қаладағы көлік ағынын зерттеп, мегаполис агломерациясының көлік моделін әзірлеуі тиіс.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Президент тапсырмасы қалай орындалып жатқанын айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Inbusiness.kz басылымының жазуынша, министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып көлік кептелісін жоюдың жаңа жобасын әзірлеп жатыр. Осы жұмыс аясында сарапшылар көлік қозғалысын тиімді басқару және интеллектуалды көлік жүйесін дамыту бойынша халықаралық тәжірибені басты назарға алған.

Қазір мегаполистің көлік моделін жасайтын компаниялардың арасында конкурс өтіп жатыр. Өтінімдерді Германияда, Испанияда, Италияда, Израильде, Францияда, Португалияда, Кореяда, Түркияда, Үндістанда және Ресей Федерациясында осындай жұмысқа қатысқан 11 компания тапсырған. Сондай-ақ, қазіргі уақытта жобаның техникалық тапсырмасы әзірленіп, оны Дүниежүзілік банк сарапшылары зерттеуге жіберді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров