Шоу-бизнес
Қайрат Нұртастың әйелі ашық-шашық киіне бастады


instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Хит әнші Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Әбдукәрімова соңғы уақытта ашық-шашық киінуге құмартып жүр.
Жұлдыз көшеге тым қысқа белдемше киіп шыққан, деп хабарлайды Экспресс К.
Видеоны актрисаның өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеген. Онда танымал әнші Қайраттың әйелі көшеде қыдырып жүр. Үстіне көк түсті костьюм, ал бұтына қып-қысқа белдемше іліп алған. Жұлдыз ырғақты әнге еліріп секіріп билеп қояды.
Оқи отырыңыз:


instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial
Күні кеше ғана Қайраттың бейтаныс арумен тұрған суреті желіде тарап кеткен еді. Сол суреттің астына хит әнші екіойлы жазба қалдырды. Осыдан кейін ерлі-зайыптылар Instagram желіде бір-бірін бұғаттап тастаған.
Экспресс К бұған дейін Қайрат Нұртастың өзге келіншекпен көзге түскенін жазған еді.
Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.
Бөлісу