"Он еркекпен жатасыз". Тележүргізуші күйеуге тигісі келетін қыздарға кеңес берді

Экспресс К

instagram.com/diana_kyrykbay

Танымал тележүргізуші Диана Қырықбай қыз-келіншектерге күйеуге шығудың небір жолдарын айтты.

Бұл туралы видеоны ол өзінің TikTok-тағы парақшасында жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Тележүргізушінің айтуынша, көптеген қыз-келіншектер тезірек тұрмысқа шығуды армандайды. Және сол жандарға арнап лайфхак айтты.

Біріншіден, он еркекпен жатасыз. Біреуінен екіқабат болып, кейін айқай-шумен анализ тапсырып, баланың әкесі екенін дәлелдейсіз. Сөйтіп күйеуге тиесіз. Екіншіден, қазір пәк қыздарды іздейтін жігіттер көп. "Мен пәкпін" десеңіз болды, алып кетеді,

— дейді жүргізуші.

instagram.com/diana_kyrykbayinstagram.com/diana_kyrykbay
instagram.com/diana_kyrykbay

Тележүргізуші дәл осылай күйеуге шығып кеткен қыздардың көп екенін айтты.

Үшіншіден, өзіңізді жұмсақ мінезді адам ретінде таныстырасыз. Боқтаса да, ұрса да, туыстарымен бір бөлмелі үйде тұрамыз десе де көніңіз. Мінезді жан болсаңыз да өзіңізді момын, тілалғыш адам сияқты көрсетіңіз,

— дейді жүргізуші сөзін қорытындылай келе.

Ол күйеуге тиюдің түрлі әдіс-тәсілі бар екенін атап өтті.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu -дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров