Полиция қызметкері жүргізушіге аузына келгенін айтып, қол жұмсады

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Алматы облысында полиция қызметкері жүргізушіге былапыт сөз айтып, қол жұмсады. Тәртіп сақшысының әрекеті желіде қызу талқыланып жатыр.

Жүргізушіге қол жұмсаған қызуқанды полицейді қасындағы серігі де тоқтатпады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жол сақшыларының белгісіз ер адамға тап берген видеосы Instagram-дағы kris.p.original парақшасында жарияланды. Онда тәртіп сақшысының жүргізушіге аузына келгенін айтып, көкірегінен ұрғанын көруге болады.

Былапыт сөз жаудырған полицейді куәгерлердің бірі бейнежазбаға түсіріп алған. Әзірге кадрдағы адамдардың кім екені белгісіз.

Экспресс К бұл мәселе бойынша Алматы облыстық ПД хабарласты. ПД баспасөз қызметі әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты тексеріс басталғанын жеткізді. Айтуларынша, тексеру қорытындысы бойынша полицейдің әрекетіне объективті баға беріліп, тиісті шаралар қолданылады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров