Сарбаз

Он күн бұрын әскерге аттанған маңғыстаулық сарбаз Отарда қайтыс болды

Есен ҮРКІМБАЙ

Он күн бұрын Отан алдындағы борышын өтеуге аттанған маңғыстаулық сарбаз қайтыс болды. Бұл туралы жергілікті блогер Бибігүл Рамазан жазды.

Отардағы әскери бөлімде міндетін атқарып жүрген сарбаз Әлібек Қалбай жұмбақ жағдайда қайтыс болды, деп хабарлайды Экспресс К.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

Маңғыстаулық блогер Бибигүл Рамазан он күн бұрын ғана әскерге аттанған сарбаз Әлібек Қалбайдың Отарда қайтыс болғанын айтты. Блогерге бұл туралы марқұмның жақындары хабарлаған.

"Маған бір әйел хабарласып, "Ақтау қаласынанмын, 10 күн бұрын қайным Отарға әскери кетіп еді. Бүгін қайтыс болды деген қаралы хабар келді. Қазір Ақтаудан Алматыға ұшып бара жатырмыз" деп қайғылы хабарды айтты", — деді Бибигүл Рамазан.

Блогердің сөзінше қайтыс болған сарбаз әскерге Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, Ақшұқыр ауылынан аттанған.

"Әлібектің туыстары оның Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Гвардейский, 30212 әскери бөлімінде қайтыс болғанын растады. Жақында ғана марқұм бала әскерге барғаннан кейін анасына хабарласып, дәріге деп ақша сұраған. Енді сарбаз өліміне министр жауап берсін!", — деді Бибігүл Рамазан.

Экспресс К жазбаға қатысты еліміздің Қорғаныс министрлігіне хат жолдады. Министрлік баспасөз хатшысы қайғылы оқиға туралы әзірге ештеңе айта алмайтынын, қосымша ақпаратты кейін жариялайтынын жеткізді. Алда марқұм сарбаздың өліміне қатысты құзырлы органның пікірін жариялайтын боламыз.

Марқұм Әлібек Қалбай жақындарымен бірге. Фото Бибігүл РамазанМарқұм Әлібек Қалбай жақындарымен бірге. Фото Бибігүл Рамазан
Марқұм Әлібек Қалбай жақындарымен бірге. Фото Бибігүл Рамазан

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров