Шоу-бизнес

АҚШ-та Мейрамбек пен Қайраттың концертін ұйымдастырған жігіт видеоүндеу жолдады

Серікқазы АЯЗБАЕВ

instagram.com/m_besbaev / Мақсат Фахрутдинов / instagram.com/kair_n

Мейрамбек Бесбаевтың Америкадағы концертіне қатысты дау әлі бітер емес. Оған енді Қайрат Нұртастың да басы шатылып жатыр.

ЕСКЕРТУ: Материалды редакцияның рұқсатынсыз көшіріп басуға тыйым салынады!

АҚШ-та қазақ әншілерінің кешін ұйымдастырған жігіт алданғанын ашық айтқан, деп хабарлайды Экспресс К.

Америкадан бейнеүндеу жолдаған Мақсат Фахрутдинов есімді жігіт былтыр Қайрат Нұртастың да концертін Чикаго, Нью-Йорк және Филадельфия штаттарында өткізгенін айтқан. Бірақ өзі қатты шығынға ұшырапты. Өйткені әнші мен ұйымдастырушы тараптың қаржыға қатысты келісімін АҚШ-та тұратын Данияр Қожан деген қазақ жігіті арқылы жасаған көрінеді.

instagram.com/kair_ninstagram.com/kair_n
instagram.com/kair_n

"Данияр Қожан басында менен көмек ретінде 10 мың доллар сұрады. Мен бердім. Кейін "әр қалаға 10 мың доллардан бересің, Қайрат Нұртастың командасы көнбей отыр, әйтпесе ән айтуға шықпайды" деді. Одан кейін не істеймін? Елдің барлығына айтып қойдық. Қайрат Нұртастың концерті бес күнде ұйымдастырылды. Сосын мен 10 мың доллардан үш қаладағы концертке 30 мың доллар бердім. Қосымша ұшып-қонғанына, қонақ үйге, тамағына ақша төледім. Содан кейін Огайо штатында той өтетін болды. Ол кісілер қолға 7 мың доллар ақша берді. Сосын мен Қайрат Нұртастың мамасы Гүлзира ханымнан "Данияр Қожанға 40 мың доллардай ақша берілді. Сіз алдыңыз ба?" деп сұрадым. Ол кісі 10 мың долларға жетер-жетпес ақша алғанын айтты", — дейді ұйымдастырушы жігіт.

Бірақ Гүлзира Айдарбекова ұлының АҚШ-тағы концертінен көк тиын таппағанын айтқан еді. Қайраттың ән кешінен соң қып-қызыл шығынға батқан ұйымдастырушы жігіттің қолында түбіртектері мен дәлелдері бар екенін видеода анық көрсеткен. Кейін Данияр Қожан Мақсаттан алған қаржысын қайтаратынын айтып, осы жылдың наурыз айында Мейрамбек Бесбаев пен Ғазизхан Шекербековті АҚШ-қа шақырады.

instagram.com/m_besbaevinstagram.com/m_besbaev
instagram.com/m_besbaev

"Бұл жерде өзіміздің қазақтардың арасында дау-дамай шығарып жібереді. Мен 5 мың доллар беріп Филадельфияда концерт өткізіп жатқанда, Данияр Нью-Йорк қаласынан концерт ашып жібереді. Ел оған 13 мың 500 доллар төлеген. Бұл жақта наразы адамдар көп. Министрлікке де хат жазып қойдық. Бұл видеоны әртістер көріп жатса, Америкаға келіп жатсаңыздар, дұрыс адамдармен жұмыс істеңіздер", — дейді Мақсат.

Сонымен, Қайрат Нұртастың концертін ұйымдастыру барысында 32 мың 800 доллар, Мейрамбек Бесбаевтың ән кешінде 5 мың доллар шығынға ұшыраған жігіт алдағы уақытта бұл мәселені сот арқылы шешпек екен. Ал қазір Данияр Қожан алған қаржысын жоққа шығарып отырған көрінеді. Бұл мәселе Экспрес К тілшісінің назарында болмақ.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров