Суицид

Ақтөбеде мектеп оқушысы өз өзіне қол жұмсады

Кәмшат ҚОПАЕВА

Pixabay

Ақтөбе облысы Қарғалы ауданы Петропавловка ауылында мектеп оқушысы өз өзіне қол жұмсады.

Ақпаратты облыстық полиция департаменті растады, деп хабарлайды Экспресс К.

Қайғылы оқиға өткен аптаның соңында болған. Оқушы қыз үйіне шашын бояп келген. Анасы ұрысқан. Осыдан кейін қыз бала өз-өзіне қол жұмсаған. Қайғыдан қан жұтқан отбасы 24-ші сәуір күні қызды жер қойнына табыстады.

Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, қазіргі таңда тексеру жұмыстары жүріп жатыр. Өзге ақпарат жария етілмейді.

Облыстық білім басқармасының басшысы Жолдас Батырхан да қайғылы оқиға отбасындағы жанжалдан кейін болғанын растады. Бүгінгі таңда білім ордасында арнайы жұмыстар жүргізіліп жатыр. Толық ақпаратты оқиғаның анық-қанығы белгілі болғаннан кейін беретінін айтты.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров