ССКӨБ

"ССКӨБ" және "Қашар кені" АҚ өндірістік алаңдарда байқау өткізді

Экспресс К

© ERG

Кәсіпорын қызметкерлері мен олардың балалары қатысқан байқау дүиежүзілік Еңбекті қорғау күніне арналды.

Мұндағы мақсат — жұмысшылардың балаларын еңбек қауіпсіздігі туралы түсінігін қалыптастыру, деп хабарлайды Экспресс К.

Кеншілердің балалары да еңбекті қорғау және қауіпсіздік — ата-аналарының жұмысында аса маңызды екенін жақсы біледі. Мұны "Әкем, анам және тіпті мен — еңбек қауіпсіздігін қолдаймыз" атты балалар арасындағы байқау көрсетті. Оны "Качары руда" АҚ кәсіподақ комитеті ұйымдастырды. Балаларға берілген тапсырма — еңбек қауіпсіздігі тақырыбында сурет салу.

© ERG

Ұйымдастырушылар ата-аналарға арналған "Әрқашан, әр жерде есіңде болсын, жұмысшы: бастысы —еңбектің қорғалуы" атты байқауға қатысуға шақырды. Оларға шығармашылық жұмыстарын кез келген заттан жасауға мүмкіндік берілді. Сурет байқауына 83 бала қатысты! Өте қызықты өтті! Әрқайсысы өздерінің лайықты жүлделерін, ақшалай сыйлықтар иеленді.

Қазылар алқасының шешімімен, 1-орынға жол шаруашылығы цехының сигнал беру, орталықтандыру, блоктау құрылғыларының электромонтері Надежда Рудц ие болды. 2 орын әкімшілік-шаруашылық бөлімнің деректерді енгізу, тексеру және өңдеу операторы Валентина Шульганың еншісінде. 3 орынға жылу орталығының электр жабдықтарын жөндеу және қызмет көрсету шебері Ольга Гилгенберг лайық деп танылды.

© ERG

Қалған қатысушыларға да ынталандыру сыйлықтары табыс етілді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров