Шоу-бизнес

"Не сұмдық?" Кәмшат Жолдыбаеваның дауысы шықпай қалды

Лаура БИҒАЛИ

Видеодан кадр

Танымал әнші Кәмшат Жолдыбаева думанды кеште фонограммасыз ән орындаймын деп елдің сынына қалды.

Әнші көпшілік алдында ұятқа қалды, деп хабарлайды Экспресс К.

Видео Instagram-дағы Kamshatzholdybayeva__love парақшасында жүктелді. Бейнежазбада Кәмшат "Тағы да сүй" атты хит әнін фонограммасыз орындап тұр. Би билеп елдің көңілін көтеріп тұрған сәтте өнер иесінің дауысы шықпай қалады. Бір қызығы әншінің орнына жиналған көрермен әнді әрі қарай іліп әкетеді.

instagram.com/kamshat__zholdybayevainstagram.com/kamshat__zholdybayeva
instagram.com/kamshat__zholdybayeva

Видеоны көрген желі қолданушылары оны "дауысы жоқ әнші" деп сынады. Тіпті олар Кәмшатты сахнадан қуу керек екенін айтты.

"Не сұмдық мынау?". "Әнші сахнада ән айтуы керек". "Дауысы жоқ әншілерге тыйым салу керек",

— деп жазды желі қолданушылары.

Осыдан төрт жыл бұрын Қайрат Нұртас та жұрттың алдында ұятқа қалған еді. Шоу-бизнес өкілі Шымкентте өткен концерттердің бірінде "Сенің туған күнің" атты әнді нотадан ауытқып, дауысы қарлығып орындаған болатын. Видео лезде желіде тарап кетті.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров