Бас прокуратура

Бас прокуратура ұлтаралық араздық тудырғандарға қылмыстық жаза барын ескертті

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

©️ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Ведомство әлеуметтік желі арқылы ұлтқа тіл тигізіп, артынан кешірім сұрағандар да жазадан құтылмайтынын жеткізді.

Тіпті мұндай азаматтардың келтірген залалы ауыр болса, 12 жыл мен 20 жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Олардың БАҚ немесе әлеуметтік желілерді пайдаланып, айтқан сөздері мен мәлімделемелері Конституцияда тыйым салынған және Қылмыстық кодекстің 174-бабы бойынша 2 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген,

— деп мәлімдеді Бас прокуратура.

Ал елдің шырқын бұзып, ұлтараздық тудырған қылмыскерлерді жазалауда ешқандай жеңілдік болмайды. Яғни жазаны шартты түрге ауыстыру немесе мерзімінен бұрын босату деген секілді т.б. жағдайлар қарастырылмаған.

"Осындай қылмысты жасағаны үшін сотталғандар экстремизмді қаржыландыруға байланысты ұйымдар мен тұлғалардың тізіміне енгізіледі. Олар өз қаржысы мен мүлкін басқарудан, кейбір банк операцияларын жүргізуден шектеледі, нотариустар мен сақтандыру ұйымдарының қызметтерін қолдана алмайды", — деді Бас прокуратураның баспасөз қызметіндегілер.

Сондай-ақ соңғы 3 жыл ішінде елімізде ұлтараздық алауыздықты қоздырған 21 азаматқа сот үкім оқыған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров