Жол апаты

Нұр-Сұлтанда мас күйінде көлікке отырған жүргізуші 3 адамды қағып кетті

Экспресс К

Видеодан кадр

4 мамыр күні Lada Largus көлігінің жүргізушісі үш жаяу жүргіншіні қағып кетті. Тексеріс кезінде ер адамның ішімдік ішкен күйі рөлге отырғаны белгілі болды.

"Лада Ларгус" автокөлігінің жүргізушісі Кенесары көшесімен Республика даңғылының қиылысында келе жатып, қызыл түске өтіп кетті, деп хабарлайды Экспресс К қалалық ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, жол апатынан 26 жастағы әйел, 1 жасар бала мен 16 жастағы мектеп оқушысы зардап шекті. Дәрігерлер тексерген соң балалар үйлеріне жіберілді.

Жүргізуші оқиға орнынан тайып тұрған.

Патрульдік полиция полкінің қызметкерлері Отырар көшесіндегі тұрғын үйдің ауласынан 58 жастағы жүргізуші басқарған автокөлікті анықтады. Тергеу барысында жүргізушінің мас күйде рөлге отырғаны белгілі болды,

— делінген қалалық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Сондай-ақ департамент ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталғанын мәлімдеді. Қазір ер адам Нұр-Сұлтан қалалық полиция басқармасының уақытша ұстау абақтысына қамалды. Автокөлік коммуналдық көлік тұрағына қойылды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров