Батыр

Сағи Жылқышиев: "Қыздың үйінде адам болғанымен, есікті ашпады"

Бек ТӨЛЕУОВ

© ЭК

Нұр-Сұлтан қаласында 8-қабаттан құлайын деп тұрған үш жасар қызды ұстап, құтқарып қалған Сәбит Шонтақбаевтың жанындағы Сағи Жылқышиев қас-қағым сәттегі жағдайды баяндап берді.

Сәбит екеуі қызды құтқарған соң, бірден жұмыстарына кеткен, деп хабарлайды Экспресс К.

Біз далаға шыққанда бір кісілердің жүгіріп бара жатқанын көрдік. Қарасақ терезеде кішкентай қыз салбырап тұр екен. Қарап тұратын жағдай емес. Қасымдағы Сәбит ішке жүгіріп кірді. Мен де артынан ілесіп бардым,

— дейді Сағи Жылқышиев.

Ол тез арада үйге кіру оңай болмағанын айтты. Өйткені алдымен домофонның кілті болмаған. Ал кейін кіргенде сегізінші қабатқа жаяу көтерілген. Сосын есігін аша алмай тұрып қалған.

"Үйінде адам болса да неге екенін ашпады. Сосын амалсыз жетінші қабатқа түстік. Сәбит терезені тепкілеп көргенімен, алынбады. Амалсыз жанынан шығуға тура келді. Қасымызда адамдар болды. Ешқайсысына мән берген жоқпыз. Бірінші алла, сосын Сәбиттің арқасы. Біз оған тіреуші "страховка" болып тұрдық", — дейді құтқарушы жігіт.

Ол бір жағынан терезені тіреп тұрып, екінші жағынан аяғын ұстағанын айтты.

Сосын баланы алдық, бір кісіге бердік. Бірден жұмысымызға шығып кеттік,

— дейді Сағи.

Бірақ Сәбит пен Сағи әзірге баланың ата-анасымен кездеспеген.

Дегенмен телефон арқылы ата-анасы мен жақындары алғыстарын айтты. Өздері осы жағдайдан кейін шошып қалған секілді,

— дейді ол.

Сағи Жылқышиев өзі елордадағы құрылыс компанияларының бірінде жұмыс істейтінін айтты.

Бұған дейін бұл жігітке де үй берілгенін хабарлағанбыз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров