Шоу-бизнес

"Қалыңдық". Димаш Құдайберген спортшы қызбен көзге түсті

Лаура БИҒАЛИ

instagram.com/kudaibergenov.dimash

Әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайберген желіге тағы бір арумен түскен суретін жариялап, оқырманның талқысына түсті.

Әншінің фанаттары бұл қыз оның қалыңдығы екенін айтты, деп хабарлайды Экспресс К.

Суретті өнер иесінің өзі Instagram-дағы парақшасына жүктеді. Онда Димаш бойжеткенді құшақтап тұр. Екеуі бірге теннис ойнаған.

Теннис ойнадық. Жаттығудан кейінгі сезім қатты ұнайды,

— дейді әнші.

instagram.com/kudaibergenov.dimashinstagram.com/kudaibergenov.dimash
instagram.com/kudaibergenov.dimash

Атақты әншінің фанаттары қызды бірден оның қалыңдығы деп топшылады.

"Бұл қыз оның қалыңдығы ма?", "Әдемі жұпсыңдар". "Спортшы қыз сұлу екен", "Ойын әсерлі өткен сияқты",

— деп жазды желі қолданушылары.

Кейін белгілі болғанындай, Димашпен ойнаған ару теннис шебері Кәмила Болатова екен. Тіпті спортшы қыз 2016 жылы теннистен Қазақстан чемпионы атанған. Екеуі бірнеше жылдан бері таныс көрінеді. Бұл жайында Кәмиланың желідегі парақшасынан білдік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров