COVID-19: Нұр-Сұлтан мен Алматыда 5 адам жұқтырды

Экспресс К

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

13 мамырда ПТР тест арқылы Қазақстанда 5 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Коронавирусты жұқтыру дерегі еліміздің екі бас қаласында тіркелді.

Атап айтқанда, біреуі Нұр-Сұлтанда, қалған төртеуі Алматыда. Осылайша, елімізде коронавирус жұқтырғандар саны 1 305 636 жетті. Сондай-ақ, еліміз бойынша 258 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты. Жалпы, сауыққан адамдар саны — 1 291 748.

Ал 13 мамырда Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның І компонентін 9 491 849, ІІ компонентін 9 260 542 адам салдырды

Соның ішінде "Pfizer" вакцинасының I дозасы 1 109 281, ІІ дозасы 973 295 адамға егілген. Атап айтқанда, І компонентін салдырған жасөспірім — 837 583, жүкті әйел — 38 955, бала емізетін әйел — 138 517. Ал, ІІ компоненті 776 019 жасөспірім, 34 401 жүкті әйел мен 125 306 бала емізетін анаға салынған.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи отырыңыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров