Қостанайда әйел тоғызыншы қабаттан құлап, қаза тапты

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

elements-envato.com

Қайғылы оқиға темір жол вокзалы аумағында, Темірбаев көшесіндегі 39-үйде болды.

Бұл деректі облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі растады, деп хабарлайды Экспресс К.

Бүгін сағат 10 шамасында тұрғын үйдің тоғызыншы қабатындағы терезеден 29 жастағы әйел құлап мерт болды. Қайғылы оқиға болған аумақ қоршауға алынды. Қазір арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр. Толық ақпарат тергеу қорытындысынан соң беріледі,

— деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұның суицид әрекеті, әлде оқыс жағдай болғаны немесе қылмыс екені әзірге белгісіз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров