Утилизациялық алымнан жиналған 198 млрд теңге бұғаттан шығарылды

Бек ТӨЛЕУОВ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Биылға дейін утилизациялық алыммен айналысып келген "ӨКМ операторының" есепшотындағы қаржы қыста бұғатталған болатын. Енді оның шешілгені белгілі болды.

Бұл туралы бас прокурор Берік Асылов өзінің Twitter-дегі парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды Экспресс К.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп қабылданған шаралардың арқасында "ӨКМ операторының" есепшотынан бұрын салынған шектеулер алынды. Сөйтіп, 198 миллиард теңге шешілді,

— дейді бас прокурор.

Оның айтуынша, бұғатта жатқан 198 миллиард теңгенің 100 миллиардын Үкімет автонесиеге аударған. Ал қалғаны басқа әлеуметтік жобаларға жұмсалады.

19 қаңтарда Үкімет "ӨКМ операторымен" келісімшартты үзіп, утилизациялық алымды мемлекеттік ұйымға берді.

26 қаңтарда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік қызметкерлері бұрынғы экология вице-министрі Ахметжан Пірімқұлов пен "ӨКМ операторы" ЖШС басқарма төрағасы Медет Құмарғалиевті сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деген күдікпен ұстады.

Кейін агенттік олардың 180 миллиард теңгені жымқырмақ болғанын мәлім етті.

Ал "ӨКМ Операторы" ЖШС-ның басқарушы директоры Руслан Шәмшиевтің шәйнектің сымымен асылып өлгенін жазғанбыз.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров