Кісі өлімі

Қостанайда қос күзетші бағбанды өлтіріп, басын кесіп тастаған

Дос ҚҰРМАШҰЛЫ

© SOURCE.ONEDIO

Алты түп сарымсаққа бола кісі өлтірді деген күдікке ілінген қостанайлық қос азаматтың ісі сотта қаралып жатыр.

Қостанай облысының мамандандырылған ауданаралық сотына 35 және 36 жастағы екі күдіктіге қатысты қылмыстық іс келіп түсті, деп хабарлайды Экспресс К, облыстық сотттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ауыр қылмыс былтыр жасалған. Іс материалы бойынша, күдіктілер Виктор Дяченко мен Андрей Мартыненко Қостанайдағы "Краснопартизанский" бағбандар серіктестігі тұтынушылық кооперативінде күзетші болып жұмыс істепті.

"2021 жылдың 5 қыркүйегінде олар жұмыс орнында ішімдік ішіп отырған. Сол кезде оларға учаске иелерінің бірі келіп, алты түп сарымсағының ұрланғанына шағым айтады. Күзетшілер күдігі бірден сол саяжайдағы бағбан А.Кузовойға түседі. Екі тараптың әңгімесі дауға ұласып, арты төбелеске айналып, олар Кузовойды өлтіріп тынған", — дейді баспасөз қызметіндегілер.

Олар қылмыс ізін жасыру үшін мүрдені бөлшектеген. Қол арамен басын кесіп, оны өртеп жібереді. Ал денені күзетшілер үйшігінің маңына көміп тастапты. Екі күннен кейін мәйітті қайтадан қазып алып, Тобыл өзеніне батырып жіберген.

Дяченко мен Мартыненко Кузовойды өлтіргені үшін, сондай-ақ аса ауыр қылмыстың ізін жасыруға тырысқандары үшін айыпталып отыр. Сот тергеуі жалғасып жатыр,

— деді баспасөз қызметі мамандары .

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров