Мұрат Бектанов

Бұрынғы Қорғаныс министрі Мұрат Бектанов 15 жылға сотталуы мүмкін

Экспресс К

Мұрат Бектанов

22 ақпаннан бері қамауда отырған экс-министр 15 жылға түрмеге жабылуы мүмкін. Оған мемлекеттік сатқындық жасады деген айып тағылған еді.

Мұрат Бектанов Қаңтар трагедиясынан кейін 19 қаңтар күні қызметінен кеткен болатын, деп хабарлайды Экспресс К.

ҚазАқпарат агенттігінің жазуынша, экс-министрге ҚК 451 бабының 3-бөлігі (Билікті асыра пайдалану) бойынша айып тағылған. Бұл бапқа сәйкес оның мүлкі тәркіленіп, 7 жылдан 15 жылға дейін сотталуы мүмкін. Бұдан бөлек ол белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айырылады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қаңтар оқиғасы кезінде министрді өзіне артылған міндетті орындай алмады деп сынға алып, қызметінен босатқан болатын. Ол Қазақстанның Қорғаныс министрі болып 2021 жылдың 31 тамызында тағайындалған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров