Еңбек

Қазақстанда 63 мың адам еңбек еткісі келмейді

Экспресс К

Әлеуметтік желіден

Қазақстанда жұмыссыз жүрген және істегісі келмейтін 63,1 мың адам бар.

Мұндай деректі Ұлттық статистика бюросы жариялады, деп хабарлайды Экспресс К.

Жалпы жұмыспен қамту 2021 жылғы бірінші тоқсанмен салыстырғанда 35,1 мың адамға, оның ішінде жалдамалы қызметкерлер есебінен 30,8 мың адамға өскен.

Толық жұмыспен қамтылмағандар саны — 254 мың адам.

Жұмыссыздар саны (ХЕҰ әдістемесі бойынша) — 453,1 мың адам. Жұмыссыздық деңгейі — 4,9% деңгейінде өзгеріссіз қалды.

"Жұмыссыз жүрсе де оны іздемеген немесе жұмысқа кірісуге дайын болмаған адамдар (потенциалды жұмыс күші) саны — 63,1 мың. 15-28 жастағылар арасындағы жұмыссыздық деңгейі — 3,9%, NEET жастарының жұмыссыздығы, яғни білім алумен немесе кәсіби даярлықпен айналыспайтын жастардың үлесі — 6,7%", — делінген хабарламада.

Биыл сәуірдің соңында 193 мың адам жұмыспен қамту органдарында жұмыссыз ретінде ресми түрде тіркелді. Олар жұмыс күшінің 2,1% құрайды.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров