ССКӨБ

"ССКӨБ" кәсіпорны тау-кен шахтасына жаңа техника енгізді

Экспресс К

© ССГПО

ERG құрамындағы "ССКӨБ" кәсіпорынына пайдалануға берілген жаңа шөмішті жүктиегіш шахтерлердің жұмысын толық механикаландыратын болады.

Ең керекті техниканы қазір жұмысшылар жер бетінен 330 метр тереңдікте пайдаланып жатыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Техника рельс жолының бойында орналасқан арықтарды судан тазалайды. Ал жүктиегішті басқару міндеті машинист Генадий Селедцовқа жүктеліпті. 10 жылдық тәжірибесі бар маман бұған дейін ERG-дің бірыңғай оқыту орталығында білімін шыңдаған.

Мұндай техника бізге қажет. Жүктиегіш тау-кен қалдықтарын тазалау, сутөккіш арықтар мен орларды тазалауға таптырмайтын техника. Ол гидравликаның көмегімен барлық жабдықтардың жұмыс істеуін қамтамасыз етеді. Велосипед секілді, еш қиындық жоқ,

— дейді машинист Генадий Селедцов.

ШШЖ-М бір ауысымда 20 текше метр тау жыныстарын тиеуге қабілетті. Осы арқылы шахтерлардың жұмысы толық механикаландырылады. Сондай-ақ 6 адамнан тұратын бригаданың жұмысын шөмішті жүктиегіштің жалғыз өзі атқарады. Яғни еңбек шығыны да азаяды.

Шахталық шөмішті жүктиегіш сығымдалған ауада жұмыс істейді. Бұл факт шахта жағдайында оны пайдалану кезінде қауіпсіздікке кепілдік береді,

— дейді механик Глеб Михаэлис.

Компанияның басты құндылықтарының бірі — қауіпсіздік. Тың техника осы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге септеседі. Өндіріс орындары таза және құрғақ болады. Бұл шахта қызметкерлері үшін қолайлы еңбек жағдайларын жасауға ықпал етеді.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров