LRT

LRT бағандарын экскаватормен құлатып жатыр. Әкімдік жауап берді

Бек ТӨЛЕУОВ

Видеодан кадр

Әлеуметтік желіде елордадағы LRT бағандарын құлатып жатыр деген видео тарады.

Осыған қатысты Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің өкілдері жауап берді, деп хабарлайды Экспресс К.

Видеода бағандарда экскаватормен құлатып жатқанын көруге болады. Бірақ әкімдік мұның LRT-ға қатысы жоқ деп отыр. Видео басқа жақта түсірілген болса керек.

Бағандар орнында тұр. Ал құрылысты мүлдем бұзу ойда жоқ,

— делінген әкімдік баспаөз қызметінің хабарламасында.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биыл қаңтар айында елорданың сәнін кетіріп, "сақалды" құрылысқа айналған LRT құрылысы туралы айтқан болатын.

Жемқорлықтың иісі аңқып тұрған жоба. Енді оңтайлы шешім қабылдауымыз қажет. Себебі оны бұзу уақыт пен қаржы шығынына алып келеді. Бізде басқа амал жоқ. Енді отандық және шетелдік сәулеткерлерді шақыру қажет,

— деген болатын Президент.

Естеріңізге салсақ, Президент мәлімдемесінен кейін "BI Group" компаниясының басшысы Айдын Рахымбаев бетон қазықтарды компания есебінен бұзып тастауға (демонтаж) дайын екенін айтқан еді.

Жалпы, елордаданың LRT-ның 230 бағаны бар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров