Оқушылар

Ұлдар мен қыздар енді кей пәндерді бөлек оқитын бола ма?

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©️ЭК/Алимжан БАРАНГУЛОВ

Білім және ғылым министрлігінің Мектепке дейінгі және орта білім комитетінің төрайымы Гүлмира Кәрімованың айтуынша оларға осы мәселеге қатысты бірнеше ұсыныс түскен.

Оның айтуынша, елімізде жаңа оқу жылынан бастап мектепте дене шынықтыру мен технология пәні ұлдар мен қыздар үшін бөлек оқытылуы мүмкін, деп хабарлайды Экспресс К.

Бұл өзгерістер оқу жоспарынан "Өзін-өзі тану" пәнінің алынып тасталуына байланысты.

Жаңа ережеге сәйкес, "Көркем еңбек" пәні 1-4 сыныптар үшін "Еңбек" және "Бейнелеу өнері", ал 5-9 сыныптар үшін "Технология" және "Бейнелеу өнері" болып бөлінеді.

Ұсынылған өзгерістерге байланысты сыныптың толымдылығына қарамастан, "Технология" мен "Дене шынықтыру" пәндерінде ұлдар мен қыздарды жеке топтарға бөліп оқыту қағидаты енгізілуі мүмкін,

— деді Гүлмира Кәрімова.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров