Newscorr

Ішімдікке тойған қостанайлық өз көлігінде өртеніп кете жаздады

Экспресс К

Видеодан кадр

Мас күйдегі жүргізушіні көліктен дер кезінде шығарып үлгерді.

Newscorr қолданушысы Экспресс К редакциясына отқа оранған көліктің видеосын жолдады.

Оның айтуынша, түнгі сағат 02:00 шамасында Қостанайдағы "Юбилейный" шағын ауданында көлік өртеніп, ішінен мас ер адам шығарылды. Оқиға орнына өрт сөндірушілер келіп, қызыл жалынды ауыздықтады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров