Қайрат Сатыбалды

Қайрат Сатыбалдыны ұстау кезінде ұшағында қанша доллар болған?

Есен ҮРКІМБАЙ

Қайрат Сатыбалды / facebook.com / elements.envato.com

Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының ұстау кезінде оның ұшағында бір миллиард доллардан астам қаржы болған.

Қайрат Сатыбалды қамауға алынбас бұрын шетелге қомақты сомада қаржыны алып кетпек болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Аbzhannews-тің жазуынша, экс-президенттің немере інісі шетелге ұшпақ болған сәтте оның ұшағында 1 миллиардтан астам доллар көлемінде қолма-қол ақша болған.

"Қайрат Сатыбалдыны ұстау кезінде оның жеке ұшағында 1,5 миллиард доллар бары белгілі болды. Ол қамауға алынардан бұрын Дубайға ұшпақ болған", — деп жазды abzhannews.

Алайда бұл дереккті еліміздің Антикор қызметі растаған жоқ.

"Бұл туралы ештеңе айта алмаймыз. Өкінішке қарай қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201 бабына сәйкес барлығы шектеулі. Жариялауға тиісті ақпараттар бұған дейін айтылды", — деді Антикор өкілі.

Экспресс К бұған дейін Қайрат Сатыбалды туралы бірнеше рет материал жариялады. Ол наурыз айының ортасында күштік құрылымдардың қатысуымен қамауға алынған болатын. Бұрынғы президенттің немере інісі "Қазақтелеком" АҚ-ның қаржысын жымқырды деп айыпталып отыр.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров