Амилай Баймұратова

"Қыздығым бар!" Транс Амилай оқырмандарын шошытты

Есен ҮРКІМБАЙ

instagram.com/amilaikz1

Таяуда ғана "тұрмысқа шығу туралы ұсынысты қабыл алдым" деген Амилай есімімен кеңінен танымал транс жігіт, көпшілікті кезекті мәлімдемесімен шошытты. Ол оқырмандарының сауалына "қыздығым бар" деп жауап берген.

Көпшілікке белгілі транс Амилай оқырмандарын тағы шошытты, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде Амилай есімімен тіркелген транс жігіт бұған дейін тұрмысқа шығатынын мәлімдеген болатын. "Тойға дайындалып жатырмын" деген ол оқырмандарының сауалына ешқашан жауапсыз қалдырған емес.

instagram.com/amilaikz1instagram.com/amilaikz1
instagram.com/amilaikz1

Таяуда тұрмысқа шығамын. Иә, қызық болса айтайын! Қыздығым бар! Естігің келіп тұрғаны осы ма?

деді транс жігіт Амилай.

Желі қолданушыларының талқысына түскен бейнежазбаға жауап авторы тіпті қысылмады.

Жігітіме бәрібір. Мен тойдың дайындығымен жүгіріп жүрмін. Жақсы өткенін қалаймын. Өкінішке қарай, АХАЖ бөліміне барғанымда бізді заңды некеге тіркемейтінін айтты. Ол үшін мен құжат бойынша жыныс ауыстыруым керек,

деген еді бұған дейін Амилай.

Талқыға түскен транс Амилайға қатысты оқырмандары жағымсыз пікір қалдырған. "Әкең сені туған ұлым келін әкеледі деп қуанды ғой", "Неліктен осындай күйге душар болдың?", "Ешкімнен қысылмайтының үшін ризамын", "Қыздықты қай жеріңе салдырдың?" деген пікірлер қалдырған.

Экспресс К бұған дейін транс жігіт туралы бірнеше рет жазды. Ол желіде үнемі түрлі жауаптарымен көптің талқысынан түспей келеді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров