Қызылорда

"Пара алу - күнә". Полицейлер мен молданың кездесуін көпшілік талқыға салды

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

instagram.com/upkz2020

Қызылорда қаласының тәртіп сақшылары дін өкілімен кездесіпті. Талықаланған басты мәселе - жемқорлық.

Бірақ жиында көтерілген мәселеге көпішілік сыни пікір білдірді, деп хабарлайды Экспресс К.

Бастапқы тараған жазбада кездесудің тақырыбы "Пара алу да, беру де — күнә" делінген. Бірақ бұл ақпаратты департамент кейін алып тастап, басқарманың Instagram парақшасында жиын жайлы басқаша мәлімет берді.

instagram.com/upkz2020instagram.com/upkz2020
instagram.com/upkz2020

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағытын нығайту мақсатында Қызылорда қаласы ПБ бөлімінің патрульдік полиция батальонының қызметкерлері "ПАРА АЛУ ДА, БЕРУ ДЕ — ҚЫЛМЫС" атты "Ақмешіт — Сырдария" мешіттің наиб имамымен кездесу өткізді,

— деп жазылған ақпаратта.

Ал желі қолданушылары молданың уағызы полицейлерге пайдасын тигізетініне күманданғандай пікірлерін жазды.

"Бұларға пара алмау күнә шығар қайта", "Мұны жаңадан келген қызметкерлерге айтпаса, бұрыннан келе жатқандар қорықпайды-ау", "Мұндай жерге дін өкілдерін араластырмау керек",

— деп жазды пікір білдірушілер.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров