Шоу-бизнес

Қазақстандық әнші дауға қалды. Ол АҚШ миллиардерінің немересімен көңіл қосқан

Олжас НҰРЖАҚЫП

Bikabreezy / Даяна Росс / instagram.com/bikabreezy / Видеодан кадр

Қазақстандық әнші, блогер Биназир Ермағанбетованың АҚШ-тағы саяхатынан шу шықты. Бұл жолы Қарағандылық бойжеткен Маямиде миллиардердің немересімен көңіл қосқан.

Тіпті олардың махаббаттары жергілікті телеарнаның назарына ілініп отыр, деп хабарлайды Экспресс К.

Bika Breezy атымен танымал Қарағандылық әнші Биназир Ермағанбетова жайлы бейнежазба Іnstagram-да тарады. Видеода әншінің Майямилық миллиардер Стивен Росстың Даяна Росс есімді немересімен қарым-қатынасқа түскені америкалық TMZ телеарнасының назарын аударғаны айтылады. Әрі екі қыздың көшеде бірге қол-ұстасып, құшақтасқан бақытты түрлері де камера объективінен тыс қалмаған.

Майями Долфинс футбол клубының, Хард Рок стадионының иесі, миллиардер Стивен Росстың қаржы жағдайы 8 миллиард долларға бағаланады. Немересі Даяна Росс пен Bikabreezy жергілікті түнгі клубта танысып, бір-бірінен ажырамаған,

— деп жазылған видеода.

Аталған жайттан кейін отандық әнші әлеуметтік парақшасында түсінік берді. Ол өзінің миллиардер немересімен байланысы болғанын растады. Тіпті мұндай махаббатты ешкімге тілемейтінін де жазған.

Біздің кездескеніміз рас. Бірақ мұндай махаббатты ешкімге тілемеймін. Айналаң толған камера. Кейін жергілікті БАҚ-та шу болды. Салдарынан елге қайтуға шешім қабылдадым,

— дейді әнші.

instagram.com/bikabreezyinstagram.com/bikabreezy
instagram.com/bikabreezy

Бір қызығы олардың көңіл қосқанын Биназирдің ата-анасы естімеген. Ол тіпті бұл ақпаратты Қазақстанға жетпесе екен деп тілегенін де айтады.

Көпшілігінің ата-анасы жағдайға түсіністікпен қарауы мүмкін. Бірақ бізде ондай емес. Әкем мұндай махаббат тек кинода, басқа әлемде болады деген түсінікпен өмір сүреді. Жаңалықты олар естіді ме, жоқ па білмеймін. Әңгіменің ауанын уайымдап отырмын,

— дейді ол.

Сондай-ақ, әнші махаббаттарын әлемге жариялаған жағдайға қатысты халықаралық заңгер іздеп жатқанын да айтады.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров