Жастар

Көшеде қызына жылаған жігіт көптің күлкісіне қалды

Есен ҮРКІМБАЙ

Видеодан кадр

Қызының алдында жылаған жігіттің әрекеті желіде жұрттың талқысына түсті. Видео авторлары оқиға Ақтауда болғанын жазған.

Көшеде көз жасын сығып алған жігітті қызы жұбатты, деп хабарлайды Экспресс К.

Желіде көшеде тұрып қызының алдында жылаған жігіттің әрекеті сынның астында қалды. Көңілі босаған оны қызы жұбатып, құшақтап басу айтады. Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбадан қыз жігітті ренжіткенін байқауға болады.

Оқи отырыңыздар:

"Мәссаған! Мына жігіт жылап жатыр ма? Жынды ма? Жылап тұрғаны несі? Мал ғой мынау. Қарасайш жылап тұрысын", — дейді бейнежазбаға түсіріп тұрған қыз.

Алайда оның қасында отырған адам өз болжамын айтып, қыз кінәлі болуы мүмкін екенін алға тартады.

Қызы ренжіткен шығар мына жігітті. Әлде ол қыз басқа жігіт тапқан шығар. Бәлкім көзіне шөп салды ма екен?!

— дейді бейнежазбаға түсіріп тұрған сәттегі екінші адам.

Желі қолданушылар болса жігіттің босаңсуын сынап, онысы азаматтыққа жатпайтынын жарыса жазуда. Екінші тарап қыздың айыпты екенін айтып пікір қалдырған.

"Қойыңдар! Жақындары қайтыс болған шығар", "Жігіт жыламауы керек деген қағида жоқ шығар", "Жігітте де жүрек бар", "Шын жақсы көреді да", "Байдың қызы шығар" деген сынайда ойларын ортаға салды.

Жігіт жылаған сәтті түсірген адамдарың әңгімесіне қарап оқиғаның Ақтауда болғанын аңғаруға болады. Алайда әлеуметтік желіде бұл жайт Шымкентте болғанын жазғандар көп.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров