Жол апаты

Жедел жәрдем көлігі апатқа ұшырап, бес адам зардап шекті

Экспресс К

instagram.com/osa_uka_vko

Өскеменде жеңіл көлік жедел жәрдем көлігімен соқтығысып, 5 адам зардап шекті.

Апат бүгін түсте болған, деп хабарлайды Экспресс К.

Островский көшесімен келе жатқан TOYOTA көлігінің 40 жастағы жүргізушісі жылдамдықты асырып, қарсы бағытта келе жатқан жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан.

Оқиға салдарынан бес адам зардап шеккен. Оның ішінде кәмелетке толмаған екі бала түрлі дәрежеде жарақат алған.

Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалды, оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады,

— делінген облыстық ПД хабарламасында.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров