Ақша

Сәуір айында Қазақстаннан шетелге ақша аудару жағынан рекорд орнады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

elements.envato.com

Ұлттық банк ақша аударатын жүйелер арқылы елден кеткен және келген қаражат бойынша деректер ұсынды.

Сонымен аударылған қаражаттың жалпы көлемі 103,6 миллиард теңге болған. Бұл 2017 жылдан бергі ең жоғарғы көрсеткіш, деп хабарлайды Экспресс К.

Биылғы сәуірде наурыз айымен салыстырғанда сыртқа жөнелтілген қаражат көлемі 27,7 пайызға, яғни 22,4 миллиард теңгеге артты. 2021 жылғы сәуір айымен салыстырсақ шетелге кеткен ақша көлемі 21,9 пайызға немесе 18,6 миллиард теңгеге өсті.

Бұдан бөлек, Қазақстанға сәуірдің өзінде сырттан шамамен 52,5 миллиард теңге келді. Бұл көрсеткіш те рекорд қойды. Салыстырып көру үшін: биылғы 3 айда елге 57,2 миллиард теңге аударылған еді.

Аударылған ақшаның ең көп көлемі Түркияға, яғни 25,7 миллирад теңге кетті. Бұл да рекорд, себебі бір ай бұрын 24,2 миллиард теңге еді. Екінші орында — Өзбекстан (наурызда 15,7 миллиард теңге сәуірде 24,1 миллиард теңге болды), үшінші орында — Ресей (бір айда 12,6 миллиард теңгеден 16,9 миллард теңгеге дейін өскен).

Ал керісінше Қазақстанға сырттан аударылған ақша көлемі бойынша көш басында Ресей тұр. Бұл жақтан елімізге аударым 4 есе артқан (наурыз айындағы 4,6 миллиард теңге сәуірде 18,3 миллиард теңгеге жеткен). Мысалы

АҚШ-тан да аударымдар қарқынды өсіп, абсолют рекорд орнатты. Мысалы сәуірде бұл елден 8,3 миллиард теңге келген, наурызда бұл көрсеткіш 3,7 миллиард теңге еді. Германиядан түскен аударымдар да сондай: сәуірде 3,3 миллиард теңге түскен.

Бұрынғыға қарағанда Түркиядан (1,9 миллиард теңге), БАӘ (475,1 миллиард теңге) және Франциядан (478,3 миллион теңге) көп аударым келіп түст. Корея (5,9 миллиард теңге) мен Қырғызстаннан (5 миллиард теңгеге жуық) келген ақша көлемі де максимумға жетті.

Осыған дейін шетелге 30 жылда заңсыз шығарылған қаржы елге қалай қайтарылатыны белгілі болған еді.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров