Қуғын-сүргін

Қызылордадағы "елес кезген" үй қуғын-сүргінде атылғандардың қорымына салынған

Абай НҰРЖАНҰЛЫ

© ЭК

Жергілікті тарихшы Бақытжан Ахметбек жұрт "елесі бар үй" деп үрейленетін қараусыз қалған коттедждің астында қуғын-сүргін құрбандарының мәйіті көмілген дейді.

Тарихшының айтуынша, қалада "халық жауы" деген жаламен атылған азаматтардың мәйіті жерленген аумақтар көп, деп хабарлайды Экспресс К.

Арай ықшамауданындағы бірнеше жылдан бері қаңырап тұрған коттедждің астында да жала жабылып, оққа ұшқан азаматтардың сүйектері жатыр. Бұған дейін Экспресс К бұл баспананы елестердің иемденіп алғаны туралы жазған еді.

Бақытжан Ахметбектің айтуынша, атылғандар жерленген аумақтар мемлекеттің қорғауына алынбапты. Ол елеусіз қалған қорымдарға қасіретті жылдардың белгісі міндетті түрде қойылуы керек дейді.

Мынау елесі бар үй деп жүрген баспананың аумағында жатыр мәйіттері. Репрессия құрбандарын жерлемеген ғой. Әкеп көме салған. Бұларды ел білуі керек. Белгі қойылуы керек,

— дейді тарихшы.

Бақытжан АхметбекБақытжан Ахметбек
Бақытжан Ахметбек

Ресми дерек бойынша Сыр бойында бір ғана көтеріліске шыққан 220 адамның қуғын-сүргін құрбаны болғаны белгілі. Алайда тарихшы өңірде сол жылдарда жала жабылып, атылып кеткендер саны бұдан көп дейді. Бақытжан Ахметбек қазір оларды анықтап, жаптым жала, жақтым күйенің құрбандарын ақтап алу үшін жұмыс істеп жатқанын айтады.

Ақталмаған адамдар өте көп. Мысалы, көтеріліс басшысы болған Ақмырза Ишан әлі ақталмады. Сондай-ақ Қармақшыда алтындардың көтерілісі болған. Олардың басшылары ақталмады. Біз қазір мемлекетпен бірлесіп, марқұмдарды ақтап алуға міндеттіміз,

— дейді Бақытжан Ахметбек.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров