Бюджет

Бюджеттік және мемлекеттік қызметкерлердің айлығына тиімділігі үшін ақша қосады

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Үстемақыны қарапайым қызметкерлер де, олардың басшылары да ала алады.

Тиісті қаулыға еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды, деп хабарлайды Экспресс К.

Құжатқа сәйкес, мемлекеттік органдар мен бюджеттік ұйымдардың басшылары тиімді жұмыс істесе, жалақысынан бөлек сыйақы мен үстемеақы алады.

Ұйымдардың басшыларына олардың жұмыс нәтижелері бойынша сыйақы беру, лауазымдық жалақыларына ынталандыру үстемелерін белгілеу қарастырылсын. Ақша тиісті мемлекеттік мекемені ұстауға көзделген қаражатты үнемдеу есебінен жүгізілсін

Облыстарда жұмыс істейтін қызметкерлерге берілетін үстемеақыға қаражатты атқарушы орган жергілікті бюджеттен іздеуі керек.

Біз бұған дейін қызметкерлеріне сыйақы жазып, оны өзіне алып отырған басшының сотталғаны туралы жазған едік.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров