Дәурен Абаев

Туристік жерлерде әжетхана ұстау өте қымбат тұрады - Дәурен Абаев

Аян АМАНГЕЛДІҰЛЫ

Дәурен Абаев / ©ЭК/Валерий КАЛИЕВ

Бүгін Үкімет отырысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев елдегі туризм саласы бойынша есеп берді.

Жиын барысында Дәурен Абаев туристік жерлерде жұмыс істемей тұрған әжетханалардың мәселесін көтерді, деп хабарлайды Экспресс К.

Өңірлердің назарын әжетханалардың жағдайына аударғым келеді. Бұл мәселені жеке бизнесті тарта отырып шешу қажет сияқты. Әкімдіктерді де түсінуге болады,

— деді Дәурен Абаев.

Ол осы ретте Алматы облысындағы сұлулығына көз тоймайтын Қайыңды көлін мысал ретінде келтірді.

Ол жаққа қазір туристер ағылып жатыр. Әжетханалар салынған, бірақ олар жұмыс істемейді. Өйткені әжетхана ұстау өте қымбат нәрсе. Оларды сумен жабдықтау жүйесіне қосу үшін әкімдіктер және бизнеспен бірлесе отырып осы мәселені шешуді ойланамыз,

— деді министр.

Бұған дейін қоғам наразылығынан кейін Дәурен Абаев шешімін өзгерткенін жазғанбыз.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров