Жастар

Apple-де жұмыс істейтін отандасымыз шет елге оқуға түсудің құпиясын айтты

Ержан ШАЙЖАН

Видеодан кадр

Әлемнің танымал университеттерінің бірі - Стэнфордта оқыған отандасымыз Apple компаниясында жұмыс істеп жүр. Тараздық жігіт АҚШ-қа оқуға келудің түк қиындығы жоқ екенін айтады.

Ол инжиниринг-менеджмент саласы бойынша магистратураны бітірген, деп хабарлайды Экспресс К.

Жәнібек Әлімханұлының PR-менеджері Берік Сұлтан Темірланмен болған сұхбатты өзінің Facebook-тегі парақшасында жариялады. Онда тараздық жігіт АҚШ-қа қалай келгенін және әлемнің алпауыт компанияларының бірі Apple-ге қалай жұмысқа тұрғанын айтып жатыр. Ол өзінен кейінгі жастарға шет елге оқуға түсудің негізгі қағидаларын айтып берді.

"Стэнфордта 2015-2016 жылдары инжиниринг-менеджмент саласы бойынша магистратураны оқыдым. Қазір Apple компаниясында жұмыс істеп жүрмін. Басында қиналғаныммен, бірте-бірте үйреніп кеттім. Орта тәрбиеледі, достарым көмектесті. Осында келіп оқуға әр қазақтың мүмкіндігі бар. Ол үшін дайындалып, оқу керек. Мұнда әр елден келіп жатқан студенттер көп. Бірақ қазақтардан ақылды деп айта алмаймын. Біздің елдің азаматтары мықты ғой. Бірінші ағылшын тілін жақсы білу қажет. Тек білім емес, спорттан да жетістіктеріңіз болса, тіпті жақсы", — дейді Темірлан.

Экспресс К жаңалықтарын Aitu-дағы арнамыздан да оқи аласыздар.

    Ұсынамыз

    Пиксель для количества просмотров